26
Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес
Бұрылмалы істік (кей үлгілерде ғана бар)
Ет пен құс етінің үлкен кесектерін біркелкі қуыру үшін осы керек-жарақты
пайдаланыңыз. Етті бұрылмалы істікке орнатып, егер тауықтың етін пісірсеңіз, ас үй
жібімен байлап, содан кейін істікті пештің алдыңғы қабырғасындағы ұяшыққа және тиісті
тірекке бекіту алдында мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтіннің пайда болуына
жол бермеу және тағам сөлін жинау үшін жарты литр су құйылған май жинайтын табаны
бірінші сөреге қоюды ұсынамыз. Білікшенің пластик тұтқасы бар, оны тағам пісіруді
бастамай тұрып алу керек және тағам пісіріп болғаннан кейін пештен алғанда күйіп
қалмау үшін пайдалануға болады.
Пицца
Науаларды шамалы майлап, пицца қыртысының қытырлақ болуын қамтамасыз етіңіз.
Моцарелланы пиццаның үстіне пісіру уақытының үштен екісі өткен кезде себіңіз.
Қамыр тындыру функциясы (кейбір үлгілерде ғана бар)
Қамырды пешке қою алдында әрқашан дымқыл шүберекпен жапқан дұрыс. Осы
функцияны қолданғанда қамырды тындыру уақыты бөлме температурасында (20-25°C)
тындырғанға қарағанда шамамен үштен бір есеге дейін азаяды. 1 кг пицца қамырын
тындыру уақыты шамамен бір сағат.
Comentários a estes Manuais